30
қазан
2025
Ардагер ұстазға - алғыс пен құрмет!

Ардагер ұстазға - алғыс пен құрмет! Бала тәрбиесі - адам өміріндегі ең ұлы міндеттің бірі. Өйткені әр баланың жүрегіне жылылық ұялатып, бойына ізгілік пен парасат дәнін себетін жандар - ұстаздар. Біздің балабақшада өмірін бала тәрбиесіне арнап, саналы ғұмырын ұрпақ игілігіне бағыштаған ардагер педагогтерге арналған әсерлі де тағылымды кездесу өтті.
Бұл күн балабақша ұжымының ғана емес, барша педагог қауымының мерейін өсірген ерекше сәт болды. Кездесудің басты мақсаты - талай шәкіртті білім мен тәрбие жолына жетелеген, бүгінгі жас мамандарға үлгі болған ардагер ұстаздарға құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау және жүрекжарды алғыс білдіру еді.
Мерекелік шарада балабақша меңгерушісі Дильмагамбетова Гулзия Абдрахмановна
сөз сөйлеп, ардагер педагогтердің әрқайсысына жылы лебізін білдірді.
«Бүгінгі ұрпақтың саналы, тәрбиелі, білімді болып өсуі - сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің жемісі. Сіздердің өнегелеріңіз біз үшін әрдайым бағыт-бағдар болады», - деп ерекше алғыс айтты.
Кездесу барысында ардагер ұстаздар Рахимова Сауле Талаптановна, Авдеева Любовь Адамовна, Полукеева Валентина Костантиновна, Куюбаева Гүльбаршын Мырзаханқызы, Алиякпарова Айсулу Рахымжановна, Белоусова Валентина Ивановна, Бақбергенова Гүлмайра Рахановна, Ворнина Людмила Александровна сынды білім саласына елеулі үлес қосқан майталман педагогтер естеліктерімен бөлісті. Олар ұстаздық жолдың қиындығы мен қызығы жайлы әңгімелеп, жас мамандарға жүрекжарды тілектерін арнады.
Ардагер ұстаздарға арналған концерттік бағдарлама да ерекше әсер қалдырды. Балалар мен тәрбиешілер орындаған ән мен би, жылы сөз бен ықылас көрермен жүрегін елжіретті. Бұл сәттер әрбір қонақтың жадында ұзақ сақталары анық.
Шараның жоғары деңгейде өтуіне КМҚК 91 балабақша ұжымы - меңгеруші Дильмагамбетова Гулзия Абдрахмановна, әдіскер Узынжасова Акбота Жалгасбековна, педагогтер Исмайл Перизат Маратқызы, Махатова Айдана Кайратовна, Сарсепбаева Венера Аскаровна, Орекенова Гулназ Турсуновна үлкен жауапкершілікпен атсалысты. Олардың әрқайсысы ардагер ұстаздарға құрмет көрсетуді өз парызы деп білді.
Мерекелік кездесудің соңында ардагер педагогтерге естелік сыйлықтар табыс етіліп, ұжымдық естелік суретке түсті.
Осындай шаралар арқылы бүгінгі жас мамандар ұстаздықтың қадір-қасиетін, оның қоғамдағы орнын терең сезінеді. Біз үшін ардагер ұстаздар - парасат пен мейірімнің, еңбек пен адамгершіліктің символы.
Сіздердің ұлағатты еңбектеріңіз, жылы жүздеріңіз бен ақ баталарыңыз - біздің ұжымға шабыт пен рухани күш береді. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық пен шаттық тілейміз! Еңбектеріңіз әрдайым құрметке бөлене берсін!
Бала тәрбиесі - адам өміріндегі ең ұлы міндеттің бірі. Өйткені әр баланың жүрегіне жылылық ұялатып, бойына ізгілік пен парасат дәнін себетін жандар - ұстаздар. Біздің балабақшада өмірін бала тәрбиесіне арнап, саналы ғұмырын ұрпақ игілігіне бағыштаған ардагер педагогтерге арналған әсерлі де тағылымды кездесу өтті.