Алматы қаласы Білім басқармасының
"№91 бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727)337-97-52
Әдіскер:
+7(727) 337-95-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Біз туралы
«Таза Қазақстан» жобасы аясында – балабақшаны бірге гүлдендірейік!
24
сәуір
2026
«Таза Қазақстан» жобасы аясында – балабақшаны бірге гүлдендірейік!
«Таза Қазақстан» жобасы аясында – балабақшаны бірге гүлдендірейік! Балабақшамызда «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұжымдық сенбілік ұйымдастырылды. Бұл игі шараға барлық қызметкерлер белсенді қатысып, ауламызды тазалап, гүл отырғызу жұмыстарын жүргізді. Табиғатқа жанашырлықпен қарап, әрбір тал мен гүлге қамқорлық жасау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі сенбілік – тек тазалық жұмысы ғана емес, бірлік пен еңбектің, жауапкершіліктің жарқын көрінісі болды.  Аулаға егілген әр гүл – әсемдік пен
Аудандық "Өнерлі өрге жүзеді" Музыкалық байқауы
26
наурыз
2026
Аудандық "Өнерлі өрге жүзеді" Музыкалық байқауы
26.03.2026 күні Аудандық "Өнерлі өрге жүзеді" Музыкалық байқауында "Көркем сөз" номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болған педагог Темирова Лунара. "Көркем сөз" және "Вокал" номинация бойынша  өнерлерін паш еткен педагогтерімізді құттықтаймыз!   
"Менің әкем-полиция қызметкері" атты республикалық сурет көрмесінде, аудандық кезеңі
23
қаңтар
2026
"Менің әкем-полиция қызметкері" атты республикалық сурет көрмесінде,
"Менің әкем-полиция қызметкері" атты республикалық сурет көрмесінде, аудандық кезеңі бойынша шығармашылығын көрсетіп балабақша тәрбиеленушілері жүлделі  І орын алды.
Әкімшілік
26
желтоқсан
2025
Әкімшілік
Дильмагамбетова Гулзия Абдрахмановна   Меңгеруші.  Узынжасова Акбота Жалгасбековна   Әдіскер.    Данияр Сымбат Нұргелдіқызы        Әдіскер.  Садвакасова Дельнар Кушановна  Есепші.  Узынжасова Акбота Жалгасбековна Педагог-психолог.   Амирешева Бибінұр Ермекқызы  Логопед-дефектолог.   Мухамадиева Мадина Болатовна Шаруашылық меңгерушісі.   Джексембаева Самал Тилеубердиевна       Медбике
СПОРТТЫҚ САЙЫС
17
желтоқсан
2025
СПОРТТЫҚ САЙЫС
Спорттық сайыс: “Шаңырақ шаттығы”. Мақсаты: Бірлескен спорттық іс-шаралар арқылы балалар мен ата - аналарды салауатты өмір салтына баулу.  Физикалық қабілеттерін дамыту.  Ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты спорттық сайыс арқылы жақсартуға ықпал ету. Дене шынықтыру жаттықтырушысы: Наби.Г.К
СПОРТТЫҚ ЭСТАФЕТТАЛЫҚ САЙЫС
12
желтоқсан
2025
СПОРТТЫҚ ЭСТАФЕТТАЛЫҚ САЙЫС
Спорттық эстафеталық сайыс  Тақырыбы: “Елімнің ертеңі”.  Мақсаты: балаларды Отанымызды сүюге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Ептілігін, шыдамдылығын, белсенділігін дамыту. Балаларға адамгершілігі мол азаматты қалыптастыра отырып патриоттық тәрбие беру. Дене шынықтыру нұсқаушысы: Наби.Г.К
"ТАБИҒАТ ЖӘНЕ БІЗ"
28
қараша
2025
"ТАБИҒАТ ЖӘНЕ БІЗ"
Қалалық семинардың өткізілуі туралы 2025 жылғы 27 қарашада  Алматы қаласы, Бостандық ауданы КМҚК «№91 бөбекжай-балабақшасы» базасында қалалық семинар өтті.   Семинар тақырыбы:  «Табиғат және біз» жобасы. «Эко әлем» дамытушы ойындар.   Семинарға Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығының басшысы – Карасёва Н.В.,  Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығының әдіскері – Мустафаева А.С.,  Бостандық ауданының білім бөлімінің басшысы – Қасымбек А.Ж.,  Бостандық ауданының білім бөлімінің бас
ЛОГПЕДИЯЛЫҚ ОЙЫН
15
қараша
2025
ЛОГПЕДИЯЛЫҚ ОЙЫН
Балалардың қимыл-қозғалыс пен сөйлеу әрекетін үйлестіруін дамыту, тепе-теңдік сақтай отырып тапсырманы орындау барысында сөйлеу белсенділігін арттыру, кеңістікті бағдарлау және өз әрекетін сөзбен жеткізу дағдыларын қалыптастыру. Нақты мақсаттар: 1. қозғалыс кезінде нұсқауды тыңдау және орындау қабілетін дамыту; 2. кеңістікте бағдарлау (алға, артқа, оңға, солға, түзу, бұрылу) ұғымдарын меңгерту; 3. қозғалыс әрекетімен қатар сөздерді, қысқа сөйлемдерді айту, дыбыстарды анық айтуға ынталандыру; 4.
"Ардагер ұстазға-алғыс пен құрмет!"
03
қараша
2025
"Ардагер ұстазға-алғыс пен құрмет!"
"Ардагер ұстазға-алғыс пен құрмет!" 30 қазан күні балабақшамызда саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаздарымызға арналған мерекелік шара өтті.  Ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбектеріңіз бен ыстық ықыластарыңызға мың алғыс! Сіздердің тәжірибелеріңіз бен мейірімдеріңіз – жас мамандарға үлгі, ұрпаққа өнеге.  #АрдагерҰстаз #Құрмет #Балабақша #Тәрбие #ҰстазғаАлғыс
Ардагер ұстазға - алғыс пен құрмет!
30
қазан
2025
Ардагер ұстазға - алғыс пен құрмет!
Ардагер ұстазға - алғыс пен құрмет!  Бала тәрбиесі - адам өміріндегі ең ұлы міндеттің бірі. Өйткені әр баланың жүрегіне жылылық ұялатып, бойына ізгілік пен парасат дәнін себетін жандар - ұстаздар. Біздің балабақшада өмірін бала тәрбиесіне арнап, саналы ғұмырын ұрпақ игілігіне бағыштаған ардагер педагогтерге арналған әсерлі де тағылымды кездесу өтті.  Бұл күн балабақша ұжымының ғана емес, барша педагог қауымының мерейін өсірген ерекше сәт болды. Кездесудің басты мақсаты - талай шәкіртті білім
Логопедиялық ойындар
29
қазан
2025
Логопедиялық ойындар
Логопедиялық топтық сабақтың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін, ұсақ моторикасын және танымдық әрекетін дамыту, ойын арқылы сөздік қорын кеңейту, диалогтік қарым-қатынасқа тарту және бірлескен іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру. Нақты мақсаттар: 1. заттарды атау, сипаттау, салыстыру арқылы белсенді және пассивті сөздік қорды байыту; 2. сөйлем құрау, сұраққа жауап беру, өз әрекетін сөзбен түсіндіру дағдыларын дамыту; 3. ұсақ моториканы (саусақ қозғалыстары, дәл қою, таңдау)
"Республикам менің- мерейім, теңдігім!" атты мерекелік іс-шарасы
21
қазан
2025
"Республикам менің- мерейім, теңдігім!" атты мерекелік іс-шарасы
Алматы қаласы Бостандық ауданы  КМҚК "91 бөбекжай-балабақшасы" Мектепалды "Балдырған" тобы  "Республикам менің- мерейім, теңдігім!" атты мерекелік іс-шарасы  Әнұран  Ән: "Егемен ел Қазақстан" Би: "Қамажай" Би: "Бипыл" Би: "Батырлар" Мақсаты: Балалардың отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, туған жеріне, еліне деген мақтаныш сезімін ояту. Республика күні мерекесінің мәні мен маңызын түсіндіру арқылы егемен еліміздің жетістіктерін дәріптеу, балаларды елжандылыққа, бірлік пен достыққа тәрбиелеу.
"Алтын кұз" мерекесі "Күзгі асар"  жәрмеңкесі
20
қазан
2025
"Алтын кұз" мерекесі "Күзгі асар" жәрмеңкесі
"Алтын күз" мерекелік іс-шарасы «Күзгі асар» жәрмеңкесі (Ата-анамен бірлескен жұмыс)  Мақсаты: Ата-анамен бірлескен іс-шара арқылы балаларды еңбексүйгіштікке, үнемшілдікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Күздің молшылығын, берекесін сезіндіріп, табиғатқа қамқорлық пен ризашылық сезімін қалыптастыру.