24
сәуір
2026
«Таза Қазақстан» жобасы аясында – балабақшаны бірге гүлдендірейік!
«Таза Қазақстан» жобасы аясында – балабақшаны бірге гүлдендірейік! Балабақшамызда «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұжымдық сенбілік ұйымдастырылды. Бұл игі шараға барлық қызметкерлер белсенді қатысып, ауламызды тазалап, гүл отырғызу жұмыстарын жүргізді. Табиғатқа жанашырлықпен қарап, әрбір тал мен гүлге қамқорлық жасау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі сенбілік – тек тазалық жұмысы ғана емес, бірлік пен еңбектің, жауапкершіліктің жарқын көрінісі болды. Аулаға егілген әр гүл – әсемдік пен мейірімділіктің белгісі. Осындай игі істер арқылы біз айналамызды көркейтіп қана қоймай, болашақ ұрпаққа үлгі боламыз. Таза аула – таза ойдың бастауы! Табиғатты бірге қорғайық, бірге көркейтейік!









