Алматы қаласы Білім басқармасының
"№91 бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727)337-97-52
Әдіскер:
+7(727) 337-95-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Таза Қазақстан» жобасы аясында – балабақшаны бірге гүлдендірейік!
24
сәуір
2026
«Таза Қазақстан» жобасы аясында – балабақшаны бірге гүлдендірейік!
«Таза Қазақстан» жобасы аясында – балабақшаны бірге гүлдендірейік! Балабақшамызда «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұжымдық сенбілік ұйымдастырылды. Бұл игі шараға барлық қызметкерлер белсенді қатысып, ауламызды тазалап, гүл отырғызу жұмыстарын жүргізді. Табиғатқа жанашырлықпен қарап, әрбір тал мен гүлге қамқорлық жасау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі сенбілік – тек тазалық жұмысы ғана емес, бірлік пен еңбектің, жауапкершіліктің жарқын көрінісі болды.  Аулаға егілген әр гүл – әсемдік пен
СПОРТТЫҚ САЙЫС
17
желтоқсан
2025
СПОРТТЫҚ САЙЫС
Спорттық сайыс: “Шаңырақ шаттығы”. Мақсаты: Бірлескен спорттық іс-шаралар арқылы балалар мен ата - аналарды салауатты өмір салтына баулу.  Физикалық қабілеттерін дамыту.  Ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты спорттық сайыс арқылы жақсартуға ықпал ету. Дене шынықтыру жаттықтырушысы: Наби.Г.К
СПОРТТЫҚ ЭСТАФЕТТАЛЫҚ САЙЫС
12
желтоқсан
2025
СПОРТТЫҚ ЭСТАФЕТТАЛЫҚ САЙЫС
Спорттық эстафеталық сайыс  Тақырыбы: “Елімнің ертеңі”.  Мақсаты: балаларды Отанымызды сүюге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Ептілігін, шыдамдылығын, белсенділігін дамыту. Балаларға адамгершілігі мол азаматты қалыптастыра отырып патриоттық тәрбие беру. Дене шынықтыру нұсқаушысы: Наби.Г.К
ЛОГПЕДИЯЛЫҚ ОЙЫН
15
қараша
2025
ЛОГПЕДИЯЛЫҚ ОЙЫН
Балалардың қимыл-қозғалыс пен сөйлеу әрекетін үйлестіруін дамыту, тепе-теңдік сақтай отырып тапсырманы орындау барысында сөйлеу белсенділігін арттыру, кеңістікті бағдарлау және өз әрекетін сөзбен жеткізу дағдыларын қалыптастыру. Нақты мақсаттар: 1. қозғалыс кезінде нұсқауды тыңдау және орындау қабілетін дамыту; 2. кеңістікте бағдарлау (алға, артқа, оңға, солға, түзу, бұрылу) ұғымдарын меңгерту; 3. қозғалыс әрекетімен қатар сөздерді, қысқа сөйлемдерді айту, дыбыстарды анық айтуға ынталандыру; 4.
Логопедиялық ойындар
29
қазан
2025
Логопедиялық ойындар
Логопедиялық топтық сабақтың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін, ұсақ моторикасын және танымдық әрекетін дамыту, ойын арқылы сөздік қорын кеңейту, диалогтік қарым-қатынасқа тарту және бірлескен іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру. Нақты мақсаттар: 1. заттарды атау, сипаттау, салыстыру арқылы белсенді және пассивті сөздік қорды байыту; 2. сөйлем құрау, сұраққа жауап беру, өз әрекетін сөзбен түсіндіру дағдыларын дамыту; 3. ұсақ моториканы (саусақ қозғалыстары, дәл қою, таңдау)
"Алтын кұз" мерекесі "Күзгі асар"  жәрмеңкесі
20
қазан
2025
"Алтын кұз" мерекесі "Күзгі асар" жәрмеңкесі
"Алтын күз" мерекелік іс-шарасы «Күзгі асар» жәрмеңкесі (Ата-анамен бірлескен жұмыс)  Мақсаты: Ата-анамен бірлескен іс-шара арқылы балаларды еңбексүйгіштікке, үнемшілдікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Күздің молшылығын, берекесін сезіндіріп, табиғатқа қамқорлық пен ризашылық сезімін қалыптастыру.