Алматы қаласы Білім басқармасының
"№91 бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727)337-97-52
Әдіскер:
+7(727) 337-95-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Логопедиялық ойындар
29
қазан
2025

Логопедиялық ойындар

Логопедиялық топтық сабақтың мақсаты:

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін, ұсақ моторикасын және танымдық әрекетін дамыту, ойын арқылы сөздік қорын кеңейту, диалогтік қарым-қатынасқа тарту және бірлескен іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру.

Нақты мақсаттар:
1. заттарды атау, сипаттау, салыстыру арқылы белсенді және пассивті сөздік қорды байыту;
2. сөйлем құрау, сұраққа жауап беру, өз әрекетін сөзбен түсіндіру дағдыларын дамыту;
3. ұсақ моториканы (саусақ қозғалыстары, дәл қою, таңдау) жетілдіру;
4. зейін, қабылдау, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;
5. құрдастарымен кезектесу, келісу, бірге ойнау арқылы әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру