"ТАБИҒАТ ЖӘНЕ БІЗ"















Қалалық семинардың өткізілуі туралы
2025 жылғы 27 қарашада Алматы қаласы, Бостандық ауданы КМҚК «№91 бөбекжай-балабақшасы» базасында қалалық семинар өтті.
Семинар тақырыбы: «Табиғат және біз» жобасы. «Эко әлем» дамытушы ойындар.
Семинарға Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығының басшысы – Карасёва Н.В.,
Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығының әдіскері – Мустафаева А.С.,
Бостандық ауданының білім бөлімінің басшысы – Қасымбек А.Ж.,
Бостандық ауданының білім бөлімінің бас маманы – Муратова Ш.М.,
Бостандық ауданының әдістемелік бірлестігінің өкілдері, сондай-ақ қалалық мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскері мен тәрбиешілері қатысты.
Алматы қаласы, Бостандық ауданы №146 мектеп-лицейінің директоры Нурмуханбетов Г.К.,
Семинардың өту барысы
Семинар бағдарламасы қатысушыларды тіркеуден басталды. Ұйым меңгерушісі Дильмагамбетова Гүлзия Абдрахмановна қатысушыларға алғы сөз сөйлеп, семинар жұмысына жемісті еңбек тілеп, іс-шараның мақсат-міндеттерін таныстырды.
Балабақша психологы Узынжасова А.Ж. «Жылы шеңбер» атты сәлемдесу тренингі ұйымдастырып, қатысушыларды 6 аймаққа бөлді:
- «Эко Әлем» дамытушы ойындары
– Ағаш бұйымдарынан жасалған экологиялық ойындар бойынша шеберлік сағаты. Жауаптылар: Ихсангалиева А.Н., Нәби Г.Қ., Бердиева А.Қ. - «Ғылым және қайта өңдеу»
– Зерттеу жұмыстары, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге арналған тәжірибелік тапсырмалар. Жауаптылар: Мәулет А, Оразбаева Л. К., Кабышева О.В., - «Табиғат бояуларымен сурет»
– Дәстүрден тыс сурет салу әдістері, табиғи материалдарды қолдану. Жауаптылар: Венера Аскаровна, Жумадилова З.З., Орекенова Г.Т.,. - «Дәстүр ойынындағы даналық»
– Ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған ойындар таныстырылды. Жауаптылар: Иса Г.Ғ., Исмаил П.М.., Махатова А.К. - «Табиғат әуені»
– Тұрмыстық керексіз заттарды қайта пайдалану арқылы музыкалық аспаптар жасау. Изтлеуова Ж.Т., Алпысбаева Р.А., Данияр С.Н. - «Табиғаттан туған таным»
– Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен логопедиялық практикум.Шаңбай Э.Б., Амирешева Б.Е.
«Эко әлем» дамытушы ойындары бойынша шеберлік сағатын тәрбиеші Темирова Л.Ж. қатысушылардың тікелей қатысуымен интерактивті түрде жүргізді.
Экскурсия: балабақша ішіндегі «Дамытушы дәліздерге» шолу ұйымдастырылып, экологиялық бағыттағы орта қалыптастыру тәжірибесі таныстырылды.
Музыкалық сәлем: балабақша тәрбиешілерінің орындауындағы «Ұстазым» әні қатысушыларға тарту етіліп, семинар соңында қорытынды рефлексия мен пікір алмасу алаңы өтті.
Семинар қорытындысы
Семинар барысында мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық бағыттағы дамытушы ойындарды көбейту, оларды білім беру ұйымдарына кеңінен тарату қажеттілігі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, аталған ойындарды тиімді пайдалану үшін әдістемелік нұсқаулық құралын әзірлеу туралы ұсыныс жасалды.
Педагогтер арасында тәжірибе алмасу жүргізіліп, экологиялық тәрбие берудің инновациялық әдістері, ойын технологиялары және орта қалыптастырудың тиімді тәсілдері талқыланды.
Қатысушылар семинардың педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ оқу-тәрбие үдерісіне экологиялық мазмұнды жаңаша форматта енгізуге зор ықпал ететінін жоғары бағалады.
Өткізілген орны:
КМҚК «№91 бөбекжай-балабақшасы», Алматы қ., Бостандық ауданы, Жароков көшесі 279.
Күні мен уақыты:
2025 жылғы 27 қараша, сағат 10:00