Алматы қаласы Білім басқармасының
"№91 бөбекжай-балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорыны
Меңгеруші:
+7(727)337-97-52
Әдіскер:
+7(727) 337-95-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Баланың музыка сабағына бейімделуі және алғашқы музыкалық дағдыларын қалыптастыру
11
тамыз
2025

Баланың музыка сабағына бейімделуі және алғашқы музыкалық дағдыларын қалыптастыру

Баланың музыка сабағына бейімделуі және алғашқы музыкалық дағдыларын қалыптастыру

Кеңестің мақсаты:

Балаларды балабақшадағы музыка сабағына біртіндеп бейімдеу, ата-аналарға музыка арқылы баланың эмоционалдық жағдайын тұрақтандыру және өнерге қызығушылығын арттыру жолдарын түсіндіру.

Ата-аналарға берілген кеңестер:

1. Баланы музыка сабағына мәжбүрлемеу, қызығушылық арқылы тарту.

2. Үй жағдайында тыныш, баяу әуендерді тыңдату.

3. Қарапайым, қысқа балалар әндерін бірге айту.

4. Музыканы қарапайым қимылдармен (тербелу, қол соғу) байланыстыру.

5. Қоңырау, сылдырмақ сияқты жеңіл музыкалық аспаптарды қолдану.

6. Музыка тыңдау кезінде баланың көңіл күйін бақылау.

7. Баланың әрбір жетістігін мадақтап отыру.

Қорытынды:

Тамыз айында өткізілген кеңес барысында музыка сабағының баланы балабақша өміріне бейімдеудегі маңызы түсіндірілді. Ата-аналарға үй жағдайында қарапайым музыкалық әрекеттер арқылы баланың дамуына қолдау көрсету ұсынылды.